Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылы, Омаров Шарип көш., 18
Меню

Тарихы

МКҚК «Таң-Шолпаным» балабақшасының тарихы

«Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таң-Шолпаным балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Балабақшаның жобалық көлемі - 50 орындық.

Жұмыс тәртібі: 5 күн, балалар үш уақыт тамақтанады.

Жұмыс істейтін топтар: 2.

Барлық топ мемлекеттік тілде оқу – тәрбие жұмысын жүргізеді.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылы, Ш.Омаров көшесі, 58 үй;

Телефоны: 5-22-40

Электронды пошта: Tan-Sholpanym2014@mail.ru

Жылыту қазандығы: Жылыту жүйесі сұйық отынмен жылытылады.

Мекеме тарихы. Ақсу ауданы әкімдігінің «Таң-Шолпаным» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  Ақсу ауданы, Суықсай ауылында 2013 жылы ашылып, 115 орынға арналып салынған. 

Жол картасы бойынша 2014 жылы 10 ақпан күнінен бастап жұмыс істеп келеді.

Балабақша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Перспективалық жоспар құруға арналған өтпелі тақырыптар бойынша құрылады.

Балабақшада «Бөбек», «Қарлығаш», «Күншуақ»  топтары 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамтиды. 

Балабақшаның негізгі бағыты - бала бойындағы дүние танымын қалыптастыру, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал негізгі мақсаты баланың жас ерекшеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптастыру болып табылады.

Балабақшада 9 педагог маман жұмыс жасайды: меңгеруші -1, әдіскер-1, логопед – 1, ән жетекшісі-1, тәрбиешілер саны-5. Жоғарғы білімді педагогтар – 6, арнаулы орта білімді педагогтар саны – 3, педагог-модератор - 6, Біліктілігін арттыру курсынан өткен тәрбиешілер саны – 9.

Кіші қызметкерлер саны - 12.

Оқу-тәрбие жұмысындағы  алға қойған мақсаты: «Балабақшадағы оқу–тәрбие  жұмысын жаңашаландыру», мектеп жасына дейінгі балалардың болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын, деңгейі жоғары болатын ұрпақ тәрбиелеу, салауатты  өмір салтына көңіл бөле отырып, бала тілін дамыту.

Мектепке дейінгі мекемені стандартқа сай құрал – жабдықтармен жабдықтауда, оқу іс – әрекетін әдістемеге лайықты арнайы бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбек етуде.

Балабақша жұмысының нәтижелері:

- 2015 жылы Аудандық «Үздік балабақша» байқауына қатысып 2 орынды жеңіп алғаны үшін марапатталды.

- 2016 жылы Ақсу ауданы білім мекемелері бойынша «Жыл балабақшасы - 2016» 3-ші Дәрежелі дипломмен марапатталды.

- 2015 жылы Аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі» сырттай байқауына қатысып 2-орынға ие болған.

- 2016 жылы Ақсу ауданы білім мекемелері бойынша  «Жыл балабақшасы - 2016» 3-ші Дәрежелі дипломмен марапатталды.

- 2017жылы Ақсу ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Үздік балабақша-2017» 3 Дәрежелі дипломмен марапатталды.

- 2018 жылы Аудандық Білім бөлімінен ІІ - Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Таң-Шолпаным балабақшасы» МКҚК
Дизайн және әзірлеу
SemStar